Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Алматыда екінші мамандандырылған ХҚКО салынатын орын анықталды

24 Ақпан 2015, 12:38
0
ХҚКО. ©Ярослав Радловский
ХҚКО. ©Ярослав Радловский

Алматыда халыққа қызмет көрсететін екінші мамандандырылған орталық құрылысының нақты орны белгілі болды, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. Ол Рысқұлов даңғылы мен Құлжа күрежолының қиылысына тұрғызылады.

Қазіргі таңда қажетті құжаттар дайындалып, жер телімін бөліп беру жұмыстары жүріп жатыр. Телеарнаның мәліметінше, халыққа қызмет көрсететін орталық 7 гектар жерді алады. Ғимарттың сыртқы келбеті байқау негізінде анықталады. Ең үздік архитектуралық ұсыныстар құрылыстың басты жоспарына кіреді.

Алматы қалалық сәулет және құрылыс басқармасы бастығының орынбасары Жанат Айтілеудің айтуынша, екінші мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының құрылысы жеке жоба болады, ғимараттың айналасына көлік тұрағы салынады. 

Еске сала кетейік, Алматының әкімі Ахметжан Есімов халыққа есеп беру кезінде екінші мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығын тұрғызуға сөз берген болатын. Ол Алатау ауданындағы орталықтың қызметі өзінің қаншалықты маңызды екенін көрсеткенін атап өтті. Айтуынша, орталықтағы қызмет көрсетудің жылдамдығы соңғы кездері артқан, дегенмен барлық клиентке жалғыз орталық қызмет көрсетуге қауқарсыз. 

 


 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай