03 қаңтар 2020 14:28

Алматыда газ тасымалдайтын көлік сәл болмағанда жарыла жаздады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда газ тасымалдайтын көлік сәл болмағанда жарыла жаздады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматыда газ тасымалдайтын көлік сәл болмағанда жарыла жаздады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2 қаңтарда 15:20-да 101 пультіне Әбіш Кекілбайұлы көшесінің бойында "бензавоз өртенді" деген хабарлама түскен. Оқиға орнына жақын маңдағы өрт сөндіру қызметінен мамандар аттанған. Осы уақытта газ тасымалдайтын көліктің жүргізушісі Оспанов Оңғарбек абдырап қалмай, өртті сөндіруге кіріскен. Сондай-ақ, кездейсоқ өтіп бара жатқан авто жүргізушілер көмекке келген. 

"Жеті минутта оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер газ толы цистернаны суытуға кіріскен. Жүргізушінің әрекеті мен басқа да адамдардың көмегінің арқасында 10 тонна көлеміндегі газ жарылу қауіпі сейілген", - делінген хабарламада. 

Газ тасымалдайтын көліктің жүргізушісі жолда келе жатып, құрылғылар ақаумен жұмыс істеп келе жатқанын айтты. Бірдеменің дұрыс еместігін аңғарған ол, қозалысты тоқтатып, көлігінен түскен кезде, түтін шыққанын байқаған. 


Сурет Алматы ТЖД баспасөз қызметінен 

Газ тасымалдайтын көліктің қозғалтқыш бөлігінде қысқа тұйықталып, 0,5 шаршы метрде өрт шыққан. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети