18 қазан 2019 11:50

Алматыда жаңа 400 "Сергек" камерасы орнатылып жатыр

Алматыда 400 жаңа "Сергек" камерасын орнату жұмыстары жүріп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі  "Көркем Телеком" жобасын әзірлеуші компанияға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 400 жаңа "Сергек" камерасын орнату жұмыстары жүріп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі  "Көркем Телеком" жобасын әзірлеуші компанияға сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, қала әкімдігімен жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркеу бойынша қызмет көрсетуге шарт жасалдған. Ереже бұзу деректерін 400 "Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешенін анықтайды. Қазір бұрын полиция бекіткен қиылыстар мен желілік учаскелерде фотобейнетіркеу және аналитика жүйесін орнату жұмыстары жүріп жатыр екен. Ақылды кешендерді монтаждау жұмыстары осы жылдың соңына дейін аяқталады.

Реклама
Реклама

"Камералар жылдамдық артуын, бағдаршамның қызыл жарығына өтіп кетуін, жол белгілері талаптарын бұзуды және автобус жолағында жүруді тіркейтін болады. Тәртіп бұзушылықтар бойынша деректер жол қозғалысы қауіпсіздігінің автоматты ақпараттық жүйесіне берілетін болады. Әкімшілік полицияны тексергеннен кейін тәртіп бұзушылар айыппұл туралы нұсқама алады", - деп хабарлады компания өкілдері.

Бұған дейін қалада қиылыстар мен желілік учаскелерде 26 кешен, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздіктің 27 камерасы жұмыс істеген.

Айта кетейік, 2017 жылы Алматыда жол-көлік оқиғасында 136 адам қаза болған. Бір жылдан кейін бұл көрсеткіш 133 адам болды.

"Жасанды интеллект және компьютерлік көру технологияларының арқасында "Сергек" жол жағдайын талдауға қабілетті, бұл деректерді зияткерлік көлік жүйесін құруда пайдалануға мүмкіндік береді", - деп толықтырды баспасөз қызметі.

"Сергек" кешені туралы елордалық жүргізушілер 2017 жылы алғаш рет сөз сөйледі. Сол кезде жоба қалада тест тәртібінде іске қосылды. Бір жылдан кейін Нұр-Сұлтанда жолда болған ЖКО кезінде өлім-жітім деңгейі 43 пайызға қысқарды. 2017 жылы 60 адам қаза тапты, кейін 34 адам қайтыс болды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады