Алматыда екінші арнайы ХҚКО ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Азаматтарға арналған үкімет" копорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ол Майлин көшесі, 85 мекенжайы бойынша орналасқан.
Алматыда екінші арнайы ХҚКО ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Азаматтарға арналған үкімет" копорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ол Майлин көшесі, 85 мекенжайы бойынша орналасқан.
Арнайы ХҚКО қаланың шығыс бөлігінде АЕП (аймақтық тіркеу-емтихандық полиция) ғимаратында орналасқан.
"Азаматтардың ыңғайлығы үшін ресми ашылу салтанатын күтпестен жұмысқа кірісіп кеттік, адамдар осы жерден көліктерін тіркеуге қоя алады. Біз операциялық залда 19 жұмыс орнын ұйымдастырдық, секторда қызмет ететіндер саны 30 адамды құрайды, оның ішінде тіркеу-емтихан ісі бөлімінің төрт қызметкері бар", - дейді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік қызмет көрсету дирекциясының басшысы Әсемгүл Балташева.
"Арнайы ХҚКО секторын ашу шешімі жайдан-жай болған жоқ. Қазіргі арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы көліктерді тірегісі немесе қайта тіркеуге қойғысы келетін адамдарға қызмет көрсетуге үлгермей жатыр. ҚР ІІМ мемлекеттік нөмірлерін беру кезіндегі экстерриториалдық қағидаты енгеннен кейін адамдар саны тіптен артып кетті", - деп атап өтті баспасөз қызметінен.
Жаңа сектор алматылықтар мен қала қонақтарының көліктерін тіркеуге алу процелурасын жеңілдетеді, ал жүргізуші куәлігін алу мен емтихан қабылдау бұрынғысынша Алатау ауданында орналасқан арнайы ХҚКО-да жүреді.
Сектор іске кіріскелі бері 118 көлік тіркеуден өткен.