12 тамыз 2017 13:06

Алматыда жаңбыр кезінде асфальт төсегендер өз әрекетін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мердігер кеше, 11 тамызда Алматының Шевченко көшесінде не себепті жауын кезінде асфальт төсегенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мердігер кеше, 11 тамызда Алматының Шевченко көшесінде не себепті жауын кезінде асфальт төсегенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы тұрғыны жұмысшылардың Шевченко көшесінің Клочков көшесімен қиылысында жаңбыр кезінде асфальт төсегенін видеоға түсіріп алған.

"Машина асфальт зауытында жүк тиеді, жаңбыр жауып тұрса да біз асфальтті зауытқа қайта өткізе алмаймыз", - дейді "Гордорстрой" бас инженері Сергей Шевчук. - біз асфальтті төсеп қойғанбыз, енді оны қайтадан алуымыз қажет. Себебі егер асфальт машинада қалып қойса, ол қатып қалып, шығара алмай қаламыз. Бірнеше сағаттан кейін фреза барып, біз кеше жаңбыр кезінде төсеген асфальтті қайта алып тастады. Кеше кешкі уақыт болды, ал өндірістік қалдықты 5-ке дейін ғана қабылдайды. Оны ешқайда қоя алмайсың, сондықтан асфальтті нысанға төсеуге тура келді, себебі машинаны босату керек. 15 тонна асфальт кузовта қалып қойса, ол қатады, сосын кузовымен бірге тастау қажет болады, себебі оның ешқалай шығара алмайсыз, кузовқа жабысып қалады. Төсегенімізді алып тастаймыз да, қалдық тастайтын орынға апарамыз.  

11 тамызда Алматыда жаңбыр жауды. Салдарынан Алматы көшелері су астында қалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети