29 мамыр 2019 15:03

Алматыда жаяу жүргіншілерге кедергі келтіретін бағаналар мен қоршаулар алып тасталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Наурызбай ауданындағы әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй салудың, жол жөндеу мен аулаларды абаттандырудың қарқынын тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы әкім Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Әкімнің айтуынша, қалаға қосылған ауданда соңғы бірнеше жылда заманауи әкімшілік-іскерлік орталық бой көтерді, 252 көшеге асфальт төселді, 200 шақырым су құбырлары мен кәріз желілері тартылды. Бірнеше мектеп пен 76 жеке балабақша ашылды. 4 емхана мен жедел медициналық көмек станциясы пайдалануға берілген.

"Биыл жаңа аулалардың үлесі 87 пайызға жетпек. Жолдарға орташа жөндеу жүргізу, арықтар салу, сыртқы жарықтандыру және Таужолы, Құрамыс, Жайлау ықшам аудандарын сумен қамту үшін жаңа желілер тарту жоспарланған. 15 мың пәтерлiк 229 үй салынуда. 1200 орынға шақталған мектептің, жаңа гүл бағының және 200 бірлікке арналған автобус паркінің жобасы әзірленуде. Жеке инвестициялар тарта отырып трикотаж фабрикасын, ойын-сауық сауда кешенін және тағы басқа нысандар салу жоспарланған", - дейді Алматы әкімі.

© instagram.com/baibekbk

Сондай-ақ, қала әкімі жұмыс сапары кезінде Сәбденов көшесінің ұзындығы 1,7 шақырым болатын жөнделетін бөлігін қарап шықты. 

"Жұмысты жеделдетуді және тиісті түзетулер енгізуді тапсырдым. "Қала адамдары үшін" қағидасы тек қырлы кеспе тас төсеудi ғана емес, ең бастысы, ыңғайлы кеңістік, жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуді көздейді. Тек қоршаулары бар, ағаштары жоқ мына аумақта жаяу жүргіншіге кедергі келтіретін бағаналарды, қоршаулар мен түрлі конструкцияларды алып тастауды тапсырдым", - деп жазды қала әкімі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети