06 мамыр 2015 21:58

Алматыда Жеңістің 70 жылдығына орай әскерилер арнайы медальмен марапатталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ҚР Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі ©ҚР Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Алматыда Жеңістің 70 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагерлері және үздік әскери қолбасшылар марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда Жеңістің 70 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагерлері және үздік әскери қолбасшылар марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты шарада ардагерлерге, ақпарат құралдары өкілдеріне, үздік әскери қолбасшыларға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы мен өңірлік қолбасшылық қолбасшысының мақтау қағаздары, "Жеңіске - 70 жыл!" мерекелік медалі, "Үздік қызметі үшін" медальдары, "Ұлттық ұлан қызметінің үздігі", "Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін" кеуде белгілері табысталды.

"Ұлы Отан соғысы ел тарихындағы маңызды оқиға. Бүгінгі Қазақстан әскері үшін, біздің жеке құрам үшін майдангер жерлестеріміздің жауынгерлік жолы тәрбиелік тұрғыдан мәні зор құндылық. Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс мерекесінің қатар келуі осы дәстүр жалғастығы, ұрпақтар сабақтастығы тұрғысынан маңызы ерекше", - деп атап өтті өз баяндамасында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Әлібек Серәлиев.

Сонымен қатар, кеште Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің қолданысындағы қару-жарақ пен әскери техника қонақтар назарына ұсынылды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети