30 қараша 2016 18:47

Алматыда жеті көшенің атауы өзгереді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жеті көшенің атауы өзгереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қала әкімі Бауыржан Байбек көшелердің жаңа атауларын 1 желтоқсанда Республика Сарайының алдында өтетін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне арналған салтанатты іс-шарада айтады.

Сондай-ақ, мерекелік іс-шара барысында ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылдың 10 желтоқсанында өз лауазымын атқаруға кірісуінің салтанатты рәсімін мәңгі есте сақтау үшін естелік тақтаның орнатылатыны айтылады.

Айта кетейік, салтанатты шараға қала әкімі Бауыржан Байбек, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, құрметті азаматтар, қала тұрғындары мен қала жастары қатысады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети