08 тамыз 2019 14:48

Алматыда жоғалған жүкті келіншектің күйеуіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

© inAlmaty.kz © inAlmaty.kz

Полиция 19 жастағы Дана Цейзердің күйеуіне қатысты жалған шағым түсіргені үшін сотқа дейінгі тергеуді бастады, - деп хабарлайды inAlmaty.


Полиция 19 жастағы Дана Цейзердің күйеуіне қатысты жалған шағым түсіргені үшін сотқа дейінгі тергеуді бастады, - деп хабарлайды inAlmaty.

Алматы облысының полицейлері 5 тамыздан бастап жүкті келіншекті еріктілермен және туыстарымен бірге іздеген. Келіншек Іле ауданында күйеуімен бірге тұрған пәтерден табылған. Полиция оның жоғалуының мән-жайын анықтап, нәтижесінде күйеуіне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

"Дана Цейзердің жоғалып кеткені туралы полицияға оның күйеуі арызданған. Іздестіру іс-шараларын учаскелік полиция жүргізді, оған облыстық департаменттің жедел қызметкерлері мен еріктілер де қатысты. Нәтижесінде келіншек жоғалмаған болып шықты, оның көрші ауылға көшіп, күйеуімен бірге пәтер жалдап тұрғаны анықталды. Осылайша күйеуі құқық қорғау органдарының қызметкерлерін әдейі жаңылыстырған", - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Басылымның мәліметінше, оқиғаға не себеп болғаны тергеу барысында анықталады. Ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабы("Көрінеу жалған ақпарат тарату") бойынша айып тағылды. Іле аудандық полициясының тергеушілері сотқа дейінгі тергеу жүргізіпж атыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласында 19 жастағы жүкті келіншектің жоғалып кеткені туралы хабарланған болатын. Үш күн бұрын ол анасымен сөйлесіп жатқан кезде, байланыс үзіліп кеткен.  Белгілі болғандай келіншек ешқайда жоғалмаған. Еріктілер мен оның туыстары іздеп жатқан кезде, келіншек күйеуімен бірге жалдамыл пәтерде болған. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети