25 сәуір 2014 20:52

Алматыда жылжымайтын мүлік бағасы 25 пайызға қымбаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Tengrinews.kz иллюстрациясы Tengrinews.kz иллюстрациясы

Алматыда бір жылдың ішінде жылжымайтын мүлік бағасы 25 пайызға (24,09) қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  "КазРиэлт-Недвижимость" порталына сілтеме жасай отырып.


Алматыда бір жылдың ішінде жылжымайтын мүлік бағасы 25 пайызға (24,09) қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  "КазРиэлт-Недвижимость" порталына сілтеме жасай отырып.

Аталмыш порталдың дерегіне сүйенсек, Алматыда сәуір айында пәтердің орташа бағамы шаршы метріне 361,3 мың теңгені құраған. Бұл доллармен есептегенде 1953 долларды құрап отыр.

Ал жекеменшік үйлердің бағасы бір жылдың ішінде 36,85 пайызға өскен. Болашақта да  Алматыдағы жылжымайтын мүлік нарығындағы баға айтарлықтай өзгере түседі. Қаланың дамуына қатысты түрлі құрылыс нысандары бой көтеруде. Алдағы уақытта  қалада бес автостанса және бір ірі аэропрот салынбақ.

"Мұның барлығы қалаға жақын маңдағы аудандарда салынатын болғандықтан қалаға келіп-кететін көлік қозғалысы, жүріп-тұру қозғалысы арта түседі. Қалаға сырттан қосымша жұмыс күші келе бастайды. Осының барлығы пәтер бағасының одан әрі өсуіне ықпал етеді", - дейді сарапшылар.

Сондай-ақ қаланы қарқынды дамыту мақсатында болашақта жақын маңда орналасқан 58 елдімекенде құрылыс жұмыстары жүргізілмек. Қаланың инфраструктурасын одан әрі дамыту мақсатында кәсіпорындар, өнеркәсіп түрлері көбейе түсетінін алға тартқан портал сарапшылары қалада тұрғын үйдің құны тағы да  қымбаттай түсетінін алға тартып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети