01 қазан 2014 16:41

Алматыда жылу беру маусымы 15 қазанда басталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Алматыда жылыту маусымы 15 қазанда басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қала басшысы тиісті қаулыға қол қойды.


Алматыда жылыту маусымы 15 қазанда басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қала басшысы тиісті қаулыға қол қойды.

"Биыл орташа тәуліктік температура нормадан (нөлден сегіз градус жоғары) жоғары болса да жылу беру маусымы 15 қазанда басталады. Денсаулық сақтау және білім беру нысандары жылуға одан да ерте қосылады", - деді Алматы әкімі Ахметжан Есімов қала шаруашылығының 2014-2015 жылдардағы күзгі-қысқы маусымға дайындығы жөніндегі кеңес барысында.

Қала әкімінің орынбасары Ербол Шормановтың мәліметінше, қуат көздері мен инженерлік желілер жылыту маусымына толық дайын. Жылу желілерінің 21 шақырымы жөнделді, дегенмен тозған желілер әлі де бар. Алматы әкімі төтенше жағдайлардың алдын алу және ескерту мақсатында жылу желілерінің мейлінше қауіпті және апатты учаскелерін анықтау жөнінде талдау жүргізу қажеттігіне назар аударды. 

Кеңесте тарифті қалыптастыру мәселелері де талқыланды. "Мен Қапшағай су-электр станциясын жекешелендірмеу керектігі туралы айтып, Қазақстан Премьер-министрінің атына хат жолдадым. Алматы қаласы әкімдігі бұған үзілді-кесілді қарсы. Өйткені бұл шешім электр энергиясы тарифінің қымбаттауына әкеліп соғуы мүмкін", - деді Есімов. Кеңесте Іленің Қапшағайға құятын суының бес есе азайғаны айтылды. Соған байланысты жоспарланған электр қуатын өндіру үшін Қапшағай суқоймасының деңгейін сақтап қалу маңызды болып тұр.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада жылу беру маусымының 6 қазанда басталатыны хабарланған еді. Қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов өңірде күннің суыту мүмкіндігіне қарай осындай шешім қабылданғанын айтты. Оның мәліметінше, жылу беру маусымына дайындық жоспарының барлық тармағы орындалды немесе аяқталу деңгейінде тұр.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети