10 сәуір 2017 13:51

Алматыда жылудың қашан өшірілетіні белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы электрокешенінің және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығының өкілі Алматыда жылыту маусымының қашан аяқталатынына қатысты пікір білдірді. Ян Гирин Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында үш тәулікте ауа температурасы 8 градустан жоғары болған жағдайда Алматыдағы пәтерлерде жылудың өшірілетінін айтты.

"Тәуліктегі ауа температурасының белгілі бір нормалары бар, яғни ауа температурасы 8 градустан немесе одан да жоғары болса, жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылданады. Әкімдіктің қаулысы шығады", - деді  Ян Гирин.

Оның айтуынша, әлеуметтік маңызы бар нысандарда - ауруханаларда, мектептерде және балабақшаларда жылу соңғы кезекте өшіріледі.

"Бұл бір тәулікте ғана жүретін процесс емес, бірден көктемге немесе жазға ауысып кету мүмкін емес. Бұл үшін белгілі бір уақыт керек. Әрбір нысанның өзіндік ерекшелігі бар, яғни, біз жылуды бірден өшіре алатын нысандар мен белгілі бір уақыт күтіп барып жылуды өшіретін нысандар бар. Әлеуметтік маңызы бар нысандарды айтатын болсақ, ережеге сәйкес, оларда жылуды соңғы болып өшіреміз", - деп түсіндірді Алматы электрокешенінің және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығының өкілі.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыда жылу мен ыстық судың қымбаттайтыны жайлы хабарланған болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети