Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.91
EUR / KZT - 391.17
CNY / KZT - 49.84
RUB / KZT - 5.55

Алматыда Қала күні екі саябақ арасында арнайы автобустар жүреді

17 Қыркүйек 2014, 18:14
0
©Ярослав Радловский
©Ярослав Радловский

Алматыда Қала күні екі мерекелік алаң арасында, Тұңғыш Президент атындағы саябақтағы Apple Fest алаңы мен  Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы "Біздің ғажайып саябақ" алдаңдарының арасында арнайы автобустар жүреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Автобустар екі саябақта да әр 15 минут сайын таңертеңгі 10.00-ден 18.00-ге дейін жүреді. Бұл көліктер Қала күнін мерекелеу стиліне сәйкес безендіріледі. Жол жүру ақысы 80 теңге. Автобустар саябаққа кіретін қақпаның жанына тоқтайды. 

Алматы қаласындағы Тұңғыш Президент саябағына Қала күні 100 мыңнан астам адам келеді деп күтілуде. Мұнда келушілер үшін арнайы ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылған. Жәрмеңкеде жеміс-жидек, көкөністер базардағы бағасынан 20-30 пайызға арзан болмақ. Сондай-ақ осы жерде алма қосылған тәтті бәліштер көрмесі болады, қалалықтар өздерінің аспаздық шеберліктерімен бөліседі. Apple Fest қонақтарына арнап үлкен концерт өтеді. Белсенді демалушылар скейт-паркте сырғанай алады, ал өнерсүйер қауым Apple Art алаңын қызықтауына болады. Балалар үшін де арнайы ойын-сауық алаңдары қызмет көрсетеді, барша қонақтар билеп, караокеде ән шырқап көңіл көтеруіне барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ жалға велосипедтер беріледі. 

Қала күнін Орталық мәдениет және демалыс паркіндегі "Біздің ғажайып саябақ" алаңында мерекелеуге келгендер үшін қазақ эстрадасының әншілері өнер көрсетеді. Олардың қатарында Нұрғали Нүсіпжанов, Сұлушаш Нұрмағамбетова, Бағдат Сәмединова және "Дос Мұқасан" секілді әншілер бар. Сондай-ақ саябақтың жазғы эстрадалық сахнасына еліміздің алғашқы телесериалы "Тоғысқан тағдырлардың" актерлері шығып, өз естеліктерімен бөліспек. Балалар үшін шеберлік кластары, спорттық эстафеталар, ойындар ұйымдастырылады. Орталық саябақта Алматының әр кезеңінен сыр шертетін суреттер қойылған  "Өткен күндерден естелік" атты фото-алаңда Алматы тұрғындары мен қонақтары суретке түсе алады. Қала күнінде Алматыға 1960 жылдардағы 6 ретро-көлік әкелінеді.

Қала күні кешкілік Республика алаңында отшашулар фестивалі өтеді. Қатысушылар СМС-дауыс беру арқылы ең үздік пиротехниканы таңдай алады. Хабарлама тегін жіберіледі. Қалалықтар үшін 20 қыркүйекте өтетін  "Muzzone 2014" байқауының жеңімпаздары өнер көрсетеді. Айта кетейік, Қала күніне орай 21 қыркүйек күні Республика алаңы кешкі 17.30-дан бастап Желтоқсан көшесінен Фурмановқа дейін жабық болады. 19-22 қыркүйек аралығында Сәтпаев көшесінің жоғары жағында да қозғалыс уақытша тоқтатылады. 

Естеріңізге сала кетейік, Қала күні Алматыда қыркүйек айы бойы тойланады. 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай