18 қыркүйек 2016 16:59

Алматыда қаланың 1000 жылдығы тойланып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алматы қалалық баспасөз қызметі © Алматы қалалық баспасөз қызметі

Алматыда қаланың 1000 жылдық мерей тойын тойлау барысында бірінші Президент паркінде АЛМАfest-2016 алма фестивалі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мегаполис әкімі Бауыржан Байбек қала тұрғындарын осы мерекемен құттықтады.


Алматыда қаланың 1000 жылдық мерей тойын тойлау барысында бірінші Президент паркінде АЛМАfest-2016 алма фестивалі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мегаполис әкімі Бауыржан Байбек қала тұрғындарын осы мерекемен құттықтады.

Ол осы фестивальдің дәстүрге айналып келе жатқанын атап өтті. Осы іс-шара жыл сайын жоғары танымалдылыққа ие болып, Алматы қаласының брендіне айналып келеді дейді қала басшысы. Байбектің айтуынша, фестиваль қаланың бұрынғы даңқын қайта жандандырады, яғни алманың отаны екенін дәлелдей түспек. Айта кетейік, АЛМАfest фестивалі қалада 2010 жылдан бері өткізіліп келеді. Тәуелсіздік жылдарында Алматының  мәдениеті асқан, ғылыми және қаржы орталығына айналғанын атап өтті. Мегаполис басшысы сонымен қатар, 150 тонна алма қойылған жәрмеңкені аралады. Айта кетейік, биыл 33 шаруашылықтың иелері жәрмеңкеге рекордтық көлемде алма түрлерін алып келген. Қала тұрғындары базардағы бағадан әлде қайда төмен бағамен сатып алып жатыр (250 теңгеден төмен бағаға).

"Бұл барлығымыз үшін ерекше мереке. Біз Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын тойлап жатырмыз. Осындай аз жылдың өзінде Қазақстан бірінші Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басқаруымен мемлекетіміз күшейе түсіп, әлемде сыйлы мемлекеттер қатарына ендік, бейбітшілік пен келісімді сақтап, ұлттар достығын қалыптастырды. Еліміздің жетістіктерімен Қазақстандағы ең үлкен қаламыз Алматы қаласы тығыз байланысты", - деп атап өтті Байбек.

Жалпы бүгін қаланың бөліктерінде әр түрлі іс шаралар өтеді. Кешкісін қала тұрғындары үшін Apple Fire отшашу мерекелік шоуы ұйымдастырылады. Салбттерді қаланың үш нүктесінде сағат 21.00-де Көктөбеде, "Астана" алаңында және "Алматы Арена" мұз айдынында бастайды. Қала күніне орай мерекелік іс шаралардың қайда және қай жерде өтетінін мына төмендегі афишадан көре аласыз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети