27 желтоқсан 2016 11:13

Алматыда қар тазалауға тәулігіне 9 миллион теңге жұмсалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© almaty.freeads.kz © almaty.freeads.kz

Алматыда қар тазалауға және мұзтайғақты жоюға тәулігіне шамамен 9 миллион теңге жұмсалады. Бұл туралы қала әкімдігінің Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында айтылады.


Алматыда қар тазалауға және мұзтайғақты жоюға тәулігіне шамамен 9 миллион теңге жұмсалады. Бұл туралы қала әкімдігінің Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында айтылады.

"Орташа деңгейде қар жауғанда тәулігіне шамамен 9 миллион теңге жұмсалады. Бұл сомаға көшелерге мұзтайғаққа қарсы материалдарды себу, сол материалдардың құны, сыпыру және қарды жол жиегіне ысыру, қар үйіндісін жинау және қарды шығару кіреді", - делінген әкімдіктің хабарында.

Сонымен қатар, мұндай жұмыстар жүргізуге 2016 жылға 6 миллиард 673 миллион 670 мың теңге бөлінгені хабарланып отыр.

Бұл сомаға көшелер мен жаяу жүргіншілер жолын тазалаумен қатар, мереке күндері биоәжетхана орнату, сенбіліктер ұйымдастыру, қоршауларды бояу, қоқыс жәшіктерін орнату, орындықтар орнату кіреді, сонымен қатар, иесіз жерлердегі қоқысты шығару, жерасты және жерүсті жаяу жүргінші жолдарын тазалау және басқа да шаралар кіреді екен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети