21 маусым 2017 16:07

Алматыда Қарғалы өзенінің арнасын қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Бауыржан Байбек кезекті жұмыс сапарында Наурызбай ауданындағы әкімшілік орталықтың және әлеуметтік нысандардың құрылыс барысын, сонымен қатар Қарғалы өзені бойының абаттандырылуын тексерді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Алматы әкімі Бауыржан Байбек кезекті жұмыс сапарында Наурызбай ауданындағы әкімшілік орталықтың және әлеуметтік нысандардың құрылыс барысын, сонымен қатар Қарғалы өзені бойының абаттандырылуын тексерді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Бүгінгі күні жалпы ұзындығы 7,7 шақырым болатын Қарғалы өзенінің арнасына бетон конструкцияларын төсеу жұмыстары аяқталды. Жағалауларға қайта топырақ төгу жүріп жатыр, үш өтпелі көпір салынған. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында аудан тұрығндарының демалуы үшін өзен жағалауы түгелдей абаттандырылып жатыр.

Жасыл желектер отырғызылып, гүл клумбалары, Альпі таулары жасалған, жасыл аймақтың жалпы көлемі - бір гектар. Шағын архитектуралық формалар, балалардың ойын алаңдары, декоративті тректер бой көтеріп, жүргінші тротуарлары салынуда.

Қала әкіміне Наурызбай ауданы әкімдігінің жаңа ғимараты шілденің басында ашылатындығы айтылды. Қазіргі кезде мұнда ішкі әрлеу, технологиялық қондырғыларды орнату, нысан айналасын көгалдандыру жұмыстары жүріп жатыр. Бес қабатты ғимарат алдына көлемі 1 гектар болатын гүл бағы жасалады.

АІІД-нің жаңа нысанының, 1200 орынды мектептің құрылысы аяқталып қалды. 500 адам қатынайтын емхана да іске қосылады. Бұлардың барлығы келесі айдың басында пайдалануға беріледі. ХҚКО, пошта, сот, прокуратура, әділет басқармасы орналасатын кешенді әкімшілік нысан ішінде де әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл кешен биыл тамыз айында пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Жалпы, ауданда тұрғын үй салу, магистраль жолдарды тесу, Қалқаман және Алты Алаш елді мекендерінде ұзындығы 17,3 шақырым болатын жол салу жұмыстары жүріп жатыр. Жандосов көшесі, Сайын көшесінен Таусамалы поселкесіне дейін ұзындығы 2,08 шақырым болатын жол күрделі жөндеуден өту үстінде, жолдың көлік қозғалысы бөлігі 4 жолақты болып кеңейтілуде, Қарғалы өзені бойындағы көпір қайта жасалып, ұзындығы 2 км болатын веложол мен ұзындығы 4 шақырым болатын тротуарлар салынып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети