24 қыркүйек 2018 15:07

Алматыда қатты жел соғып, бұршақ аралас жаңбыр жауды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда бұршақ аралас жаңбыр жауды. © Tengrinews.kz Алматыда бұршақ аралас жаңбыр жауды. © Tengrinews.kz

Алматыда қатты жел соғып, бұршақ аралас жаңбыр жауды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматылықтар әлеуметтік желіде видео мен суреттер жариялады. 


Алматыда қатты жел соғып, бұршақ аралас жаңбыр жауды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматылықтар әлеуметтік желіде видео мен суреттер жариялады. 

24 қыркүйек сағат 13.00-де қатты жауын құйып, бұршақ жауды. Қатты соққан жел жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерге ыңғайсыздық келтірді.

Куәгерлердің айтуынша, Сейфуллин көшесі бойымен Жансүгіров көшесіне жетпей қатты соққан желдің салдарынан көлік үстіне ағаш құлаған. Қаланың әр бұрышында көліктердің үстіне ағаш құлағаны туралы әлеуметтік желіде тұрғындар жазып жатыр.


© kris_p_almaty

Бұған дейін Қазгидромет 24-26 қыркүйекте шығыста, батыста, солтүстік пен оңтүстікте жауын болатынын ескертті. Сонымен қатар, Алматы ТЖД қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети