15 қаңтар 2015 12:00

Алматыда қазба жұмыстары кезінде алтын жәдігерлер табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алматы қалалық мәдениет басқармасы ©Алматы қалалық мәдениет басқармасы

Алматы қаласы Алатау ауданындағы Көк-Қайнар қорғанындағы қазба жұмыстары кезінде бірегей алтын жәдігерлер табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық мәдениет басқармасына сілтеме жасап.


Алматы қаласы Алатау ауданындағы Көк-Қайнар қорғанындағы қазба жұмыстары кезінде бірегей алтын жәдігерлер табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық мәдениет басқармасына сілтеме жасап.

Археологиялық зерттеу жұмыстарымен Алматы тарихы мұражайының экспедициясы айналысты. Жалпы үш тарихи жәдігер табылды, олардың бірі мысыққа ұқсайтын жыртқыш формасында жасалған. "Ол штампталған екі мөрленген пластинадан жасалған. Оның тұрысына қарап, ойнап жатқан марғау деуге болады. Мүсін бас киімнің магиялық композициясы болуы мүмкін. Біздің заманымызға дейінгі IV ғасырда жасалған. Жәдігер Көк-қайнар қорғанының №2 қорымында табылды", - делінген басқарма хабарламасында.

Екінші жәдігер - құс бейнеленген пластина. "Пластинада жыртқыш құс бейнеленген, басы солға қарай бұрылған, тұмсығы ірі. Қанаттары кең жайылып түсірілген. Бұл сурет - геральдикалық символ", - делінген хабарламада. 

Тағы бір жәдігер - сабы бар қоладан жасалған айна. Оның қола дискісі шығыңқы келген. Айнаның дискісі мен жиегі жабыстырылған. Бұл жәдігер №1 қорғанда табылған, біздің заманымызға дейінгі ІІ ғасыр мен біздің заманымыздың ІІ ғасырлары аралығында жасалған. Табылған жәдігерлер тарих мұражайының қорында сақталады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети