20 қараша 2019 16:46

Алматыда ҚДТ-ның 4 мүшесіне қатысты сот үкімі шықты

Алматы соты Қазақстанның демократиялық таңдауы экстремистік ұйымының мүшесі, төрт алматылыққа қатысты қылмыстық істі қарастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматы соты Қазақстанның демократиялық таңдауы экстремистік ұйымының мүшесі, төрт алматылыққа қатысты қылмыстық істі қарастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алмалы аудандық сотында Әнуар Әшіралиев, Оксана Шевчук, Гүлзипа Джаукерова және Жазира Демеуоваға қатысты іс қаралды. 

Іс құжаттары бойынша, биыл наурыз-мамырда айыпталушылар бірнеше рет ҚДТ идеясы мен қозғалысын қолдауға бағытталған рұқсат етілмеген митингіге қатысқан. Айта кетейік, айыпталушылар бұл экстремистік қозғалыс  екенін білген. 

"Олар Қазақстан билігіне теріс пікір білдіріп, ҚДТ көшбасшысы Мұхтар Әбләзов ұсынған талаптарды қойған. 2019 жылы мамырда айыпталушылар саяси тұтқындарды қолдау мақсатында ролик түсіріп, видео Әбләзовтің Instagram желісіндегі парақшасында жарияланған", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі. 

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, айыпталушылар өз кінәсін мойындамаған. Айыпталушылардың кінәсі куәгерлердің айғақтарымен және сот-психологиялық-филологиялық сараптаманың қорытындысымен дәлелденген. Сонымен қатар, дәлелдер митингідегі бейнелерді және іздеу жазбаларын қарау барысында анықталған. Сотталушылардың үйінен ҚДТ-ға қатысы бар парақшалар табылған. 

"Үкім шығаруды жеңілдететін жағдай ретінде, сотталушылардың ішінде кәмелетке толмаған балалардың және Әшірәлиев үшінші топтағы мүгедек екені ескерілді. Сот шешімі бойынша, Шевчук, Демеуова, Джаукерова және Әшірәлиев Қылмыстық кодекстің 405-бабы бойынша сотталды", - дейді сот өкілдері. 

Сот айыпталушыларды бір жыл бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, оларға екі жыл бойы қоғамдық бірлестіктерде жұмыс істеуге тыйым салынды. 

Еске салайық, 2018 жылы Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданының соты Қазақстанның демократиялық таңдауы қозғалысын экстремистік деп танылып, бүкіл Қазақстан бойынша тыйым салынған.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети