Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Алматыда киіз үй мерекесі өтті

07 Сәуір 2015, 14:21
0
© Айжан Түгелбаева
© Айжан Түгелбаева
© today.kz
© today.kz
© today.kz
© today.kz
© today.kz
© today.kz
© today.kz
© today.kz

Алматыда киіз үй мерекесі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматыда қазақ халқының дәстүрлі тұрғын үйі - киіз үйге арналған мереке өтті. Алматы қолөнер палатасы, Орта Азияда қолөнердің дамуын қолдайтын ұйымдардың "CACSA" ассоциациясы мен ЮНЕСКО Алматы бюросы ұйымдастыруымен өткен шара киіз үйдің ЮНЕСКО материалдық емес мұралардың тізіміне ілігуіне орайластырылды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, киізбен қапталған тасымалды үй түркі және моңғол көшпенділерінде кеңінен қолданылған. Киіз үй қазақ халқы үшін көшіп-қонуға ыңғайлы құрылым болып қана қоймай, отбасы мен қонақжайлылықтың символы болған.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, шара қонақтары киіз үйді құру мен әшекейлеуге қатысып, ыстық бауырсақтар мен балалық шақтың сүйікті ойыны - асық ойнап көрді.

Еске сала кетейік, өткен жылдың қараша айында ЮНЕСКО Материалдық емес мәдени мұраларды сақтау комитеті адамзаттың материалдық емес мәдени мұралар тізіміне қазақ домбыра күйлерін орындау өнері мен қазақ және қырғыз (түркі халықтарының) киіз үйлерін жасау шеберлігін енгізген болатын.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай