Алматылықтардың аялдамаларда жолаушылар кқліктерін ұзақ күтіп тұруы 60 автобустың Универисадаға бөлінуі себебінен. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Green bus Company" ЖШС директоры Бауыржан Құлышев мәлімдеді.

"60 автобус спортшыларды, еріктілер мен шетелдіктерді тасымалдауға алынды. Әр бағыттан бір-екі автобустан, артық емес. Мүмкін автобустардың кептелісте тұрып қалған жағдайлар да ушықтырады. Бір жерде жүріс тоқтап қалады, осыдан адамдар аялдамада бір сағат тұрып қалады", - дейді Құлышев.
Сонымен бірге, "Green bus Company" ЖШС алматылықтардан жағдайды түсінуді сұрады және Универсиада-2017 сияқты ірі шараға автобус бөлу керектігін айтты. Алайда мұндайға 9 ақпанға дейін ғана шыдау керектігін, ары қарай жағдай түзелетінін еске салды.