28 сәуір 2015 12:48

Алматыда құлаған көпірдің үйінділерін жинастыруға рұқсат берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқиға орны. © 109 ssа.kz Оқиға орны. © 109 ssа.kz

Алматыда салынып жатып құлаған көпірдің үйінділерін жинастыруға рұқсат берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Көлік және коммуникация министрлігі автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Бековке сілтеме жасап.


Алматыда салынып жатып құлаған көпірдің үйінділерін жинастыруға рұқсат берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Көлік және коммуникация министрлігі автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Бековке сілтеме жасап.

"Алматыда құлаған көпірге қатысты тапсырыс беруші әкімдік пен мердігер кәсіпорын - Базис-А. Бүгінгі таңда комиссия құрылды, олар көпірдің құлау себебін анықтайды. Комиссияның қорытындысы шыққан жоқ. Бүгінгі таңда үйінділерді жинастыруға рұқсат берілді, бірақ жұмыс әлі басталған жоқ, комиссияның қорытындысын күтіп отырмыз", - деді Беков.

Еске сала кетейік, Алматыдағы Рысқұлов пен Сайын көшелерінің қиылысында салынып жатқан көпір 24 сәуірде құлады. Салынып жатқан көпірдің алты жолағы опырылып түсті. Соның салдарынан 1000 шаршы метрге жуық аумақ қирап қалды. Төтенше жағдай кезінде нысанда 52 құрылысшы-жұмысшы болған. 21 адам әртүрлі дене жарақатын алды. Олардың 11-і ауруханада. Дәрігерлер олардың денсаулығына орташа ауыр деген баға берді.

25 сәуірде көпір құлаған жерден ер адамның денесі табылды - компания құрылысшысы Тоқтасын Иманқұлов. Кейін "Базис" құрылыс компаниясының қаза болған ер адамның отбасына материалдық көмек көрсететіні хабарланды. Сонымен қатар, Алматыдағы көпірдің қирауына байланысты екі қылмыстық іс қозғалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети