02 қараша 2018 13:52

Алматыда қырғызстандық экс-депутаттың соты өтіп жатыр: Іске қатысты жаңа деректер шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Асылбекұлы Дамирбек. © 24.kg Асылбекұлы Дамирбек. © 24.kg

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында арнайы операция кезінде ұсталған қырғызстандық экс-депутат Дамирбек Асылбекұлына қатысты басты сот тыңдауы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында арнайы операция кезінде ұсталған қырғызстандық экс-депутат Дамирбек Асылбекұлына қатысты басты сот тыңдауы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тергеу мәліметінше, халық тұтынатын тауарлар жалған құжаттармен Қырғызстаннан Қазақстанға шекара арқылы тасымалданған. 37 жастағы Дамирбек Асылбекұлымен бірге сот алдына тағы 11 адам келді. 

Сот барысында прокурор осы істің мән-жайын айтып берді.

"Асылбекұлы 2016 жылдың қарашасында Қырғызстан Парламентінің депутаты бола тұра, қызметтік өкілеттігін пйадаланып, материалдық табыс пен заңсыз баю мақсатында трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оны басқарған. Қылмыстық топ Қырғызстандағы халық тұтынатын тауарларды Қазақстан мен Ресейге ірі көлемде контрабандалық жолмен жеткізіп отырған. Экс-депутат осылайша жалған құжаттармен жұмыс істеген. Жоспарын толықтай іске асыру үшін бұл туралы достарына айтқан - ҚР азаматтарына бірігіп экономикалық контрабандамен айналысуды ұсынған. Қылмыстық топты басқарған экс-шенеунік қоластындағыларға өкілеттіктерін бөлі берген. Олар тауарлардың Алматыға қауіпсіз жеткізіліп отыруын қамтамасыз еткен", - деді прокурор.

Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, қылмыстық топ мүшелері контрабандалық тауарларды кедергісіз өткізу үшін ірі көлемде пара берген.

Дамирбек Асылбекұлының әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 264-бабының 1-бөлігі ("Трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу") және 234-баптың 3-бөлігі бойынша ("Экономикалық контрабанда") сотқа жіберілді.

Есбол Жаппасов ҚР  Қылмыстық кодексінің 264-бабының 1-бөлігі ("Трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу"), 234-баптың 3-бөлігі бойынша ("Экономикалық контрабанда"), 287-баптың 4-бөлігі ("Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру"), 385-баптың 3-бөлігі ("Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу"), 194-баптың 4-бөлігі ("Қорқытып алу") және 190-баптың 4-бөлігі бойынша ("Алаяқтық") айыпталып отыр.

Ұланбек Мұраділов, Шыңғыс Абакиров, Досбол Жаппасов, Мұхит Қазақпай, Мадияр Нұрманов, Санжар Сәулембаев, Мұхит Тыныбаев, Данияр Қожамқұлов, Нұргали Әуелбеков пен Қуаныш Байгеловтің ісі ҚР Қылмыстық кодексінің 264-бабының 2-бөлігі ("Трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу") бойынша сотқа жолданды.

Еске сала кетейік, биыл ақпан айында ҰҚК өкілдері мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының қызметкерлері кеден саласындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топтарға қарсы күресті күшейту және еліміздің шекарасында контрабандалық әрекеттерді жою үшін Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында ірі масштабты арнайы операциялар жүргізіп, 35 адамды ұстаған болатын. Олардың екеуі - Қырғызстанның азаматы. Кейін олардың біреуі Қырғызстанның депутаты екені анықталған еді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети