08 қазан 2018 15:19

Алматыда Лейла мен Виктор Храпуновтарға қатысты үкім шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лейла мен Виктор Храпуновтар. Лейла мен Виктор Храпуновтар.

Алматыдағы мамандандырылған ауданаралық сотта экс-әкім Виктор Храпунов пен оның әйелі Лейла Храпуноваға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.


Алматыдағы мамандандырылған ауданаралық сотта экс-әкім Виктор Храпунов пен оның әйелі Лейла Храпуноваға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

"17 жылға бас бостандығынан айырылсын, сондай-ақ, мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылсын. Жазасын максималды қауіпсіздік мекемесінде өтесін", - деді судья.

Ал Лейла Храпуноваға сот 14 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Соттың шешімімен Храпунованың да мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Осы іс бойынша сот алдында Яков Заяц, Ғабиден Қайымсұлтанов, Айяр Ілиясов, Қуандық Бисқұлтанов, Абай Сапаров, Алтай Қасымов, Серік Есмұқанов, Айнакүл Садықбаева, Абылайхан Қарымсақов пен Абдул-Ғазиз Мұқашев келді.

Мемлекеттік айыптаушы Виктор Храпуновты 20 жылға, ал Лейланы 17 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Бұдан бөлек прокурор оларды мемлекеттік қызметте және қаржы ұйымдарында 7 жыл уақыт жұмыс істеу құқығынан, сондай-ақ, марапаттарынан айыруды сұраған болатын.

Виктор Храпуновтың тұратын мекенжайы

Еске салайық, Виктор Храпунов пен оның әйелі Лейла Храпуноваға қатысты Қазақстанда ұзын саны 24 қылмыстық іс қозғалып, қызмет бабын асыра пайдаланды, алаяқтық жолмен бюджет қаржысын жымқырды, заңсыз жекешелендіру жүргізді, заңсыз кірістерді заңдастырып алды, пара алды, ұйымдасқан қылмыстық топты құрды және оларға жетекшілік етті деген айып тағылған болатын. 2008 жылғы сәуірде ол қазір отбасымен тұрып жатқан Швейцарияға қоныс аударған болатын. Ал 2012 жылы қазанда Виктор Храпуновтың әйелі - Лейлаға ірі көлемдіе алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған еді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети