08 желтоқсан 2016 13:41

Алматыда мектеп оқушыларына жаңажылдық мерекеге ақша жинауға тыйым салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akmoedu.kz © akmoedu.kz

Алматыда мектеп оқушыларына жаңажылдық мерекені ұйымдастыру мен әрлеу үшін ақша жинауға тыйым салынды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық білім басқармасының өкілдері мәлімдеді. Бұған Алматыда білім беру мекемелерінде ақша жинауға тыйым салу негіз болған. 


Алматыда мектеп оқушыларына жаңажылдық мерекені ұйымдастыру мен әрлеу үшін ақша жинауға тыйым салынды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық білім басқармасының өкілдері мәлімдеді. Бұған Алматыда білім беру мекемелерінде ақша жинауға тыйым салу негіз болған. 

"Мектеп қабырғасында оқушылардан мереке ұйымдастыру үшін ақша жинауға үзілді-кесілді рұқсат берілмейді! Осы орайда жаңажылдық мерекеге әр мекеме өз қаражатынан осы шараға қаражат бөлген. Жаңажылдық сыйлықтар мектептерде әлеуметтік қорғалмаған отбасынан шыққан балаларға беріледі", - деп түсіндірді басқармадағылар. 

"Алматы әкімдігі жаңажылдық мерекені әсерлі әрі сәнді өткізу үшін барлық жағдайды жасайды. Барлық мектептерде жаңажылдық шаралар өткізіледі: 20 желтоқсанда - бастауыш сыныптары үшін ертеңгіліктер мен ертегі әлемінен спектакльдер қойылады; 21-22 желтоқсан - ортаңғы буындар үшін жаңажылдық мерекелік шаралар ұйымдастырылады; 23 желтоқсан - жоғарғы сынып оқушылары үшін мерекелік шара ұйымдастырылады", - деді басқармадағылар. 

Қазақстан Президентінің жаңажылдық шыршасы - 26 желтоқсанда өтеді, ал қала әкімінің шыршасы жетім балалар, көпбалалы отбасынан шыққандарға және аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға - 27 желтоқсанда циркте өтеді. 

Алайда осындай шараға қарсы болғандар да бар. Мектеп қабырғасында ақша жинаудан бөлек, сыйлық беруге де рұқсат етілмегенін естіген Желі қолданушылары наразы болған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети