27 қыркүйек 2017 17:13

Алматыда мектептерде кеңсе тауарлары мен мұғалімге сыйлыққа ақша жинауға бола ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматы қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Жылқыбаева "Нұр Отан" партиясының аудандық филиалында өткен брифинг барысында ата-аналардың кеңсе тауарлары мен оқулықтарға ақша өткізгені заңды ма, жоқ па - осы мәселе жайында айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жылқыбаеваның айтуынша, мектепте кез келген ақша жинау дерегіне тыйым салынады.

"Мектептерде ақша жинауға тыйым салынады. Ол оқушының құралдарына байланысты болса да  - дәптерлер, кеңсе тауарлары, оқулықтар (...) Осындай деректер расталып жатса, мұғалімді жұмыстан қууға дейін қатаң шаралар қолданады", - деді Алматы қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары.

Сондай-ақ, брифинг барысында оқушыға мұғалімге сыйлық алу үшін қанша ақша беруге болатыны айтылды.

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің өкілі Нұрбол Мекешовтің айтуынша, мұғалімге сыйлыққа жиналатын ақша екі айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс. Яғни, сыйлық бағасы 5 мың теңгеден аспауы керек.

Өз кезегінде департамент өкілі соңғы үш жылда Алматының Білім басқармасы өкілдері жасаған қылмыстарды атады. 2015 жылы осындай екі дерек тіркелсе, 2016 жылы бір қылмыс тіркелген екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети