26 қаңтар 2016 12:29

Алматыда мемлекеттік балабақшалардың айлық төлемақысы арзандайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Алматыда мемлекеттік балабақшалардың айлық төлемақысы арзандайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Астанада өткен ОКҚ брифингінде қала әкімі Бауыржан Байбек айтты.


Алматыда мемлекеттік балабақшалардың айлық төлемақысы арзандайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Астанада өткен ОКҚ брифингінде қала әкімі Бауыржан Байбек айтты.

Ол мегаполистегі балабақшалар мәселесінің жіті талқыланып жатқанын мәлімдеді. Қала әкімінің айтуынша, Алматыда республикадағы басқа аймақтармен салыстырғанда мемлекеттік балабақшалардағы төлемақы мөлшері әртүрлі.

"Көптеген аймақта балабақшаларды мемлекет қаражаттандырады, тұрғындар 13,5 мың теңгені тек тамаққа төлейді. Алматыда болса 5-6 жасқа дейінгі балалардың тамақтануын мемлекет төлейді, ал 3-5 жасқа дейін коммерциялық жағдайда ата-аналар өздері төлейді. Қазір айлық шығын өсті, егер ата-аналар 27 мың төлесе, балабақшадағы 1 орын 38 мың тұрады. Сондықтан да ата-аналар балаларын алып кетіп жатыр", - деді Бауыржан Байбек.

Әкімнің айтуынша, азық-түлікке кететін қаражатты азайту мақсатында жергілікті бюджеттен 3 миллиард теңге бөлінді.

"Ата-аналар орташа есеппен алғанда 15 мыңнан төлейтін болады, яғни қаражаттарын 20-21 мыңға үнемдейді. Бұл қаражат 17 мың баланы қамтиды. Менің ойымша, бұл Президенттің тапсырысының орындалуының нақты жолы", - деді қала басшысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети