Алматыда мемлекеттік нөмірсіз көлік айдаған "әкімдік қызметкері" жұмысынан кетті

21 Ақпан 2017, 13:00
0
Алматыда мемлекеттік нөмірсіз көлік айдаған "әкімдік қызметкері" жұмысынан кетті - © patrul.kz
© patrul.kz

Алматы әкімдігінің жанындағы "Ақпараттық-технологиялық орталық" ЖШС өкілдері мемлекеттік нөмірсіз көлік айдаған "әкімдіктің аула сыпырушысы" туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұның алдында Toyota Corolla маркалы көлік жүргізушісі ұсталған кезде оның әкімдік қызметкері екені айтылған еді.

18 ақпанда, таңғы сағат 08:20-да патрульдік полиция Сейфуллин даңғылында мемлекеттік нөмірсіз жүрген қара түсті көлікті тоқтатқан. Көлікті тексере келе, полициия қызметкерлері жүк салғышта "АА" сериялы нөмірлер жатқанын көреді. Кейін ер адам сараптама жасау үшін наркологиялық орталыққа жеткізілген. Алайда ол сараптама жасаудан бас тартады.


рatrul.kz видеосының кадры

"Ақпараттық-технологиялық орталық" ЖШС-ның заңгері жүргізуші Аманов Төлеген жұмыстан шығарылғанын айтады. "Қазіргі кезде жүргізуші жұмысынан босатылды. Дүйсенбіден, 20 ақпаннан бастап. Өз еркімен кетті", - дейді заңгер Руслан Махметов.

Сонымен бірге, ол қала әкімдігі "Ақпараттық-технологиялық орталық" ЖШС-ның құрылтайшысы екенін растады. Көлік айыппұл тұрағына қойылғаннан кейін мекемеде өзге көліктер қалды ма деген сұраққа заңгер жауап беруден бас тартты. 

 
patrul.kz

Мұның алдыда "Дорожный патруль.kz" порталы ұсталған жүргізушінің полицейлерге өзін бөлім бастығы етіп таныстырғанын хабарлаған. Кейін әкімдік жүргізушісі екенін, ал наркологиялық орталыққа келген соң аула сыпырушымын деп айтқан. Полицейлердің сөзінше, ұсталған ер адам әдепсіз сөйлеп, шенді тұлғаларға айтамын деп қорқытқан. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай