14 тамыз 2015 18:06

Алматыда нөсерден кейін метроның шатырынан су тамшылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Twiter.com © Twiter.com

Алматыда метроның "Әуезов атындағы драма театр" бекетінде қатты нөсердің салдарынан су тамшылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушылары жазды. Суреттерден шатырдан тамшылаған суды жинау үшін шелектердің қойылғанын көруге болады. Хабарлама авторы су жаңбыр жауғаннан кейін тамшылағанын жазды.

"Метрополитен" КМК баспасөз хатшысы Айгүл Ешмағамбетованың айтуынша, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Ол судың шатырдағы плиталардың арасынан кіргенін айтты. "Алматы метросының маңындағы арықтардың бірі толып қалып, су аққан болуы мүмкін. Метро жүріп тұрған кезде біз ешқандай шара қолдана алмаймыз. Метро жабылғаннан кейін қызметкерлер тиісті шараларды қолданады. Судың тамшылауы қауіпсіздікке зиян келтірмейді. Яғни, байланыс рельсі арнайы қаппен қапталған: ешқандай қысқа тұйықталу болмайды. Шығын келген жоқ", - деді ол.

Ешмағамбетова Алматы метросының айналасынан көп коммуникациялардың өтетінін айтты. "Қаланың инфрақұрылымы қандай жағдайда екенін жақсы білесіздер. Мұндай жағдай әлемнің басқа да метрополитендерінде болып тұрады. Бұдан да қатты өсерлер болды. Бірақ мұндай жағдай жаңбырдан болмайды", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети