Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Алматыда океанариум салынатын орын таңдалып жатыр

10 Сәуір 2014, 15:49
0
©РИА Новости
©РИА Новости

Алматы әкімдігі океанариум құрылысы үшін орын таңдап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы журналистерге Алматы қаласы әкімінің орынбасары Болат Сауранбаев айтты.

Сауранбаевтың мәліметінше, о баста құрылыс үшін Сайран көлінің жағасы таңдалған. Қазір онымен бірге тағы екі орын қарастырылып отыр: "Атакент" көрме кешені мен Мәдениет және демалыс орталық саябағы. "Орталық саябақты өзімізге алғанымызды білесіздер. Сондықтан жоба мәдениет басқармасының жалпы бағдарламасына ене ме, соны қарауымыз қажет. Ол Алматыға өте қажет. Бұл бағдарламаны біз жан-жақты қолдаймыз", - деді қала әкімінің орынбасары. 

Оның мәліметінше, океанариумды "Ритц-Палас" отеліне қарама-қарсы жерге салу да қарастырылған, бірақ соңғы сәтте одан бас тартылды. 

Еске сала кетейік, океанариум құрылысы туралы идеяны Алматы қаласының әкімі ең алғаш 2012 жылдың ақпан айында жария еткен болатын. Әуеліде ол Сайран көлін абаттандыру жөніндегі жоспарға енеді деп шамаланған еді. Есімов оның ойын-сауық орны ғана емес, сал ауруына шалдыққан балаларды емдеуге болатын нысанға да айналатынын айтты.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай