Алматыда "Оңай" билетін беруден бас тартқан автобус жүргізушісі жолаушыларды жолдан қалдырды

26 Қаңтар 2017, 18:55
0
Алматыда "Оңай" билетін беруден бас тартқан автобус жүргізушісі жолаушыларды жолдан қалдырды -

Алматыда автобус жүргізушісі бекітілген үлгідегі билеттерді беруден бас тартқандықтан, "Оңай" бақылаушылары жолаушыларды көліктен түсіріп тастаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

№ 23 бағытындағы автобустың жолаушыларын "Алматы қалалық Көлік холдингі" бақылаушылары Райымбек даңғылы мен Яссауи көшесінің қиылысында түсірген. Бұған наразы болған жолаушылар редакцияға видео жолдады.

"Алматы қалалық Көлік холдингі" өкілдері жүргізушінің қолданылып қойған билеттерді бергенін хабарлады.

"Түске дейінгі уақытта бұл бағыттағы автобуста басқа жолаушылар қолданып қойған билеттерді қайта сату дерегі анықталды, бұл билеттерді жүргізуші осыған дейін жүргізушілерден алған болуы мүмкін. Яғни жүргізуші төлемді тіркеусіз, өзіне алған, ал бұл ереже бұзу болып саналады. Бақылаушылардың сәйкес мерзімі бар билеттерді беру туралы талабын жүргізуші орындаудан бас тартқан, салдарынан полиция жасағы шақыртылған", - деп хабарлады "Алматы қалалық Көлік холдингі" өкілдері.


Қолданылған немесе бос билеттерді №23 бағытындағы автобус жүргізушісі берген. Суретті автобус жолаушылары жолдады.

Осыдан кейін бақылаушылар жолаушыларды 10 минут ішінде басқа бағыттарға отырғызыпты.

"Жүргізушінің құқықбұзушылығы туралы мәлімет полиция қызметкерлеріне берілді. Қоғамдық көлік жүргізушілері жолаушыларды билетсіз тасымалдаған жағдайда көлік және коммуникация саласындағы аймақтық орган қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 623-бабының 9-тармағына сәйкес ("трамвайда, троллейбуста, қалалық және қала маңына қатынайтын автобуста және маршруттық таксиде жолаушыларды билетсiз алып жүру") әкімшілік хаттама толтырады", - деп хабарлады "Алматы қалалық Көлік холдингі" өкілдері.

"Алматы қалалық Көлік холдингі" өкілдері мұндай жағдайлардың болмауы үшін жолаушыларға "Оңай" картасымен жол жүруге кеңес беріп отыр.

"Жолаушыларға жолақыны көлік карталары арқылы тіркеуді ұсынамыз, бұл картаны Медеуге шығуға да қолдануға болады. Ал егер автобус немесе троллейбустың салонында билет алсаңыздар, бекітілген талаптарын тексеру керек. Жолаушыларға қатысты да әкімшілік жауакершілік қарастырылған. Тексеріс күн сайын жүргізіледі", - деді көлік холдингіндегілер.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай