21 қаңтар 2016 09:37

Алматыда "Оңай" жүйесіне наразылық білдірген халық қаладағы даңғылдардың бірін жауып тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© KTK © KTK

Сәрсенбі, 20 қаңтар күні автобустағы электрондық төлем жүйесіне қарсы шыққан жүздеген жолаушы Алматыдағы ең үлкен даңғылдардың бірін жауып тастады, - деп хабарлайды КТК.


Сәрсенбі, 20 қаңтар күні автобустағы электрондық төлем жүйесіне қарсы шыққан жүздеген жолаушы Алматыдағы ең үлкен даңғылдардың бірін жауып тастады, - деп хабарлайды КТК.

Жаңа төлем жүйесі облыста емес, тек Алматы қаласында енгізілгендіктен, қала маңындағы ауыл тұрғындары автобусқа міне алмай жүр.

"Саяхат" көлік бекетінің аялдамасында тұрған адамдар автобусты 2 сағат күткендерін айтады. Қоғамдық көліктер мұнда тоқтамайтын болған.

"Автобустар тоқтамайды, алты автобус өтіп кетті. Онда отыру мүмкін емес. "Оңайдың" кесірінен автобустар азайды", - деді жаңа төлем жүйесіне наразылық білдіргендердің бірі Назымгүл Дүйсенова.

Ақыры ашуға булыққандар "Оңайды алып тастасын" деген талаппен Райымбек даңғылының бойына шығып алды. Аяқасты жүздеген адам жолды жапқаны сол еді, ағылған көліктер иін тіресіп кептеліп қалды.

Сонымен қатар, жолаушылар аймақта "Оңай" картасына ақша салуға мүмкіндік жоқ екенін айтты.

Көлік холдингі аймақта электрондық билеттеу мәселесін жақын арада шешуге уәде берді.

Дереккөз: КТК

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети