Алматыда open-space форматындағы орталық ашылады

22 Мамыр, 11:18
0
Алматыда open-space форматындағы орталық ашылады - Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен
Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Алматы әкімі Бауыржан Байбек әлеуметтік қызметтің Бірыңғай орталығы орналасатын ғимаратты қарап шықты. Абай мен Достық даңғылдарының қиылысындағы нысанда күрделі жөндеуден өткен соң open-space форматында Әлеуметтік әл-ауқат және Тұрғын үй саясаты басқармалары, сонымен қатар Алматы халқын еңбекпен қамту Орталығы жайғасатын болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазіргі кезде мегаполисте түрлі әлеуметтік қызмет алатын 300 мыңнан астам адам тұрады. Олар түрлі мекемелерде көрсетілетіндіктен, халық олардың көпшілігін біле бермейді.

Бірыңғай орталықта "бір терезе" қағидасы бойынша мекенжайына қарамастан 60-тан астам әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Мысалы, мемлекеттік тұрғын қорындағы үйді жекшелендіру, түрлі әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу, протездік-ортопедиялық көмекке өтініш беру және басқалары осы жерде атқарылады.

"Мемлекет басшысы соңғы кеңестердің бірінде айтып өткендей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру үшін алдын-алу жұмыстарын жүргізген жөн. Тұрғын қызметтерді іздемей, қайта қызметтер оған келуі тиіс. Олар барынша ашық әрі жариялы болуы, субьективті факторға жол берілмеуі қажет. Біз осы принцип бойынша аналарға қолдау көрсететін "Бақытты отбасы" үйін, "Белсенді ұзақ өмір" атты қарттардың белсенді ұзақ өмір орталығын, Урбанистика орталығын, IT саласы мен электронды коммерцияның жетекші компаниялары орналасқан Инвестиция үйін аштық. Коммуналды мәселелер бойынша бірыңғай байланыс орталығы құрылатын болады", - деді Бауыржан Байбек.

Жоғарыда аталған басқармалар мен қызметтерді коммуналды нысанға көшіру жыл сайын 100 миллонға жуық бюджет қаржысын үнемдеуді қамтамасыз етеді.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай