10 қазан 2016 13:29

Алматыда өртенген автобустың ішінен балаларды құтқарған жүргізуші марапатталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ТЖД басшысы жүргізуші Азамат Сағыновты адамдарды құтқарғаны үшін алғыс айтты ТЖД басшысы жүргізуші Азамат Сағыновты адамдарды құтқарғаны үшін алғыс айтты

Бүгін Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті өртенген автобустың ішінен балаларды құтқарған қоғамдық көліктің жүргізушісін марапаттады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Бүгін Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті өртенген автобустың ішінен балаларды құтқарған қоғамдық көліктің жүргізушісін марапаттады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы қаласының ТЖД басшысы, өрт сөндіру қызметінің генерал-майоры Серік Әубәкіров жүргізуші Азамат Сағыновқа адамдарды құтқару барысында жасаған ерлігі үшін алғыс хатты тапсырды. "Бұл нағыз қазақстандық азаматтың әрекеті, ол қандай жағдай болмасын біреудің өмірін сақтап қалу үшін барын салады.  № 29 бағдарымен жүретін автобустың жүргізушісі Азамат Байрамалиұлы нағыз ерліктің шыңын көрсетті, ол абыржып қалмай, өртеніп жатқан автобустың ішінен дер уақытында мектеп оқушыларын қауіпсіз жерге көшірді", - деді ТЖД-нің басшысы Серік Әубәкіров.

Еске салайық, 2016 жылы 6 қазанда Алматыда Медеуге барар жолда жолаушылар автобусы түгелдей өртеніп кеткен еді. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, бұл оқиға Достық даңғылында, Бутаковкаға жақын маңда болған. 14.59-да Алматы ТЖД-нің "101" пультіне Медеу ауданы Достық даңғылы Бутаковкаға жақын маңда 29 маршруттағы автобустың өртеніп жатқаны туралы хабарланған. 15.15-те оқиға орнына жеткен өртсөндірушілер мәліметті растады: автобус өртенген және өрттің жалыны құрғап шөпке көшкен. Өрт 15.26-да ауыздықталып, 16,08-де толығымен сөндірілген", - деді ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова. Өрттің аумағы 50 шаршы метрді құраған. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети