Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Алматыда өз баласын зорлады деп айыпталып, ақталып шыққан адамның ісіне қоғам белсенділері араласты

31 Наурыз 2016, 17:43
0
©programasabrace.br
©programasabrace.br

Алматыда өз баласын зорлады деп айыпталып, ақталып шыққан адамның ісіне қоғам белсенділері араласты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Күйеуін бес жасар баласын зорлады деп айыптаған әйелге "Еркін Мейірімдік Қоғамы" көмектесуге дайын. "Біздің қорымызға сексуалдық зорлықтан жапа шеккен баланың анасы хабарласты. Алқа соты оның күйеуін ақтап шығыпты. Ол БАҚ-қа үндеуін жеткізуге көмек сұрады, себебі оның адвокат жалдауға қаражаты жоқ екен. Қордың заңгерлері мен еріктілері анасына қолдау білдіріп жатыр. Сотталушыны 17 жылға бас бостандығынан айыруды талап ету бойынша жүргізілген тергеу мен прокуратураның жұмысы бала мен оның анасын қорғайды деп үміттенеміз", - деді Аружан Сайын.

Еске салайық, 2016 жылдың 24 наурызында Алматыда сот баланы зорлау ісіне қатысты істе сотталушыны ақтап шыққан болатын. 58 жастағы ер адам өзінің баласына сексуалдық зорлық көрсетті деп айыпталған еді. Өткен жылдың қазан айында баланың анасы арыз жазған. Ол соттың ақтау туралы шешіміне қарсы және апелляцияға бермекші екен, себебі, оның айтуынша, сотта күйеуінің айыпты екеніне барлық дәлелдер ұсынылған, оның ішінде бірқатар сараптаманың қорытындысы да болған. "Менің балама қатысты сексуалдық зорлықтың көрсетілгенін тергеудің көптеген материалдары да қылмыстық істе те дәлелденген. Істі қарауда заңдылықты ғана сұраймын. Заңдылықты және әділдікті!", - деді өз үндеуінде баланың анасы.

"Менің балам, 2011 жылғы, 2015 жылдың 3 қазанында сексуалдық зорлық көрген, ол кезде балам өзінің биологиялық әкесімен - менің заңды күйеуіммен жалғыз қалған. Іс материалдары бойынша, мен жұмысқа кеткенде, шамамен 2015 жылдың 3 қазанында 8.30-да менің күйеуім, баланың әкесі, баламыздың қорғансыз жағдайын, кішкентай болғанына байланысты өзіне қатысты әрекеттердің мән-мағынасын ұғынбайтынын пайдаланып, оған қатысты сексуалдық мәндегі зорлық әрекеттерді жасаған", - делінген үндеуде.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай