15 маусым 2021 09:37

Алматыда полицей әйелді қағып өлтірді: куәгерлер мән-жайды айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда полицей қызметтік көлігімен 50 жастағы әйелді қағып кетті. Қатты соққы алған келіншек сол жерде, тілге келместен қаза болды. Куәгерлер оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап. 


Алматыда полицей қызметтік көлігімен 50 жастағы әйелді қағып кетті. Қатты соққы алған келіншек сол жерде, тілге келместен қаза болды. Куәгерлер оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап. 

Патрульдік көлік әйелді қағып өтіп, сол жерде тұрған Газельге соғылған. Оқиғаны өз көзімен көргендер апат қас-қағым сәтте болғанын айтады. Ал марқұм көлік жуу орталығында жұмыс істеген. Ол тәулік бойы жұмыс істейтін орталықта түңгі ауысымда болып, жұмысты аяқтауына бірер сағат қалғанда оқыс жағдай болған.

"Келіншек осы тәулік бойы істейтін көлік жуу орталығында бір айдан бері жұмыс жасады. Ол жуылған көліктердің ішін тазалаумен айналысатын. Бүгінде мына жерде тұрған шаңсорғыш аппаратымен жұмыс істеп жатқан. Полицей көлігі оны шаңсорғышымен қоса ана жаққа ұшырып апарды", - деді көлік жуу орталығының әкімшісі Юрий Приходько.

Келіншектің артында ересек екі баласы қалды. Кішісі биыл мектеп бітіріп жатыр. Қара жамылған отбасы полиция көлігі жылдамдықты шектен асырған деп отыр.  

"Жүзбен келе жатқан ғой, 5 метрге ұшырып жіберген. Өзіңіз ойлаңыз, өліп кетті. Бастан дым жоқ. Қызметкерлер бәрібір өзін қазір саумын деп айтып отыр. Жазасын алады, алуы керек", - дейді марқұмның қайын апасы Сүңгілшаш Айтуғанова.

Күдікке іліккен полицейдің әріптесі оның осы салада 6 жылдан бері қызмет етіп келе жатқанын, бұл оқыстан болған оқиға деп мәлімдеді.

"Өкінішке қарай, қызметте болған қызметкер. Сау ол кісі. Сол, қабырғамыз қайысып, келіп көңіл айтып отырмыз. Бұл отбасына бар жағынан көмек көрсетіледі", - деді Алматы патрульдік полиция полкі командирінің орынбасары Жәнібек Өскенбаев.

Бұған дейін Алматы ПД баспасөз қызметі әйелді қағып өлтірген полицейден жауап алу сәтінің видеосын жариялаған болатын.

"Сағат 6:45 шамасында Өтемісұлы көшесімен оңтүстік бағытқа қарай кетіп бара жатқанымда, алдымдағы автокөлік солға қарай бұрылмақ болып, мен ол автокөліктен қашып, жол-көлік оқиғасын болдырмау үшін көлік жуу жаққа бұрылып кеттім. Сол кезде алдымда тұрған әйел адамды байқаусызда қағып кеттім", - деді полицей.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети