24 қыркүйек 2019 15:39

Алматыда полицейлер қағып кеткен зейнеткер ауруханадан шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Алматыда полицейлер көлігі қағып кеткен әйел ауруханадан шықты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне зардап шеккен әйелдің баласы Виктор Степанов айтты. 


Алматыда полицейлер көлігі қағып кеткен әйел ауруханадан шықты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне зардап шеккен әйелдің баласы Виктор Степанов айтты. 

Ер адамның айтуынша, 71 жастағы зейнеткерді бүгін 24 қыркүйекте шығарған. Жол-көлік оқиғасынан кейін ол бірнеше күн жансақтау бөлімінде сосын тағы үш апта жалпы палатада жатқан. 

"Қандайда бір болжам айту қиын. Ол оңалту процесінен өтуі тиіс. Ауруханада бірнеше ота жасалды. Сол аяғы ашық түрде сынған, сол иығы да сынған. Сынған жерлердің барлығына металл штфтерін орнатты", - дейді Виктор. 

Сондай-ақ, ол анасын қағып кеткен полицейдің 40 жас шамасында екенін айтады. Бірінші күннен бастап, ол туыстарымен байланысқа шығып, барлық ем-дом шараларының ақысын төлеп жатыр екен. 

"Тергеу барысында бұл істі қалай қарастыратынын білмеймін, қалай болғанда сот болады, себебі анам ауыр жарақат алған. Полиция департаменті автобустан атып шықты деген мәліметті қайдан алғанын білмеймін. Жазбадан кейін, маған бір куәгер хабарласып, оқиға орнында түсірілген видео жіберді. Онда ешқандай автобустың болмағаны көрініп тұр", - дейді алматылық жігіт. 

Айта кетейік, жол-көлік оқиғасы 4 қыркүйекте "Тастақ" базарына жақын маңда болған. Алматы ПД өкілдері, әйелді қағып кеткен полицей қызмет бабында жүргенін айтты. Жол апатынан кейін әйел жансақтау бөлімінде жатты. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети