Алматыда полицейлер тоқтатқан Mercedes-тің жүксалғышынан Калашников пен тапанша табылды

Алматыда полицейлер тоқтатқан Mercedes-тің жүксалғышынан Калашников пен тапанша табылды instagram/almaty_police_department

Алматыда "Рубеж" стационарлық бекеттерінің бірінде полиция қызметкерлері 45 жастағы ер адам тізгіндеген Mercedes автокөлігін тоқтатты, оның жүксалғышынан атыс қаруына ұқсас заттар табылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Көлікті тексеру барысында жүксалғыштан құрылымы жағынан қаруға және арнайы құралдарға ұқсас заттар табылып, тәркіленді", - делінген хабарламада.

Жедел бейнежазба кадрларына қарағанда, шетелдік көліктің жүксалғышында Калашников автоматы, тапанша, пышақ, кастет және басқа да заттар болған.

Жарнама
Жарнама

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәркіленген заттардың шығу тегі мен мақсатын анықтауға бағытталған сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама