18 мамыр 2018 13:36

Алматыда "Сайран" автовокзалы маңындағы алаң мен "Тастақ" базары қайта жаңарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алматы әкімінің баспасөз қызметі © Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда "Сайран" автовокзалы жанындағы алаң мен "Тастақ" базары қайта жасалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда "Сайран" автовокзалы жанындағы алаң мен "Тастақ" базары қайта жасалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде Төле би көшесі бойымен жүріп өтіп, "Сайран" автовокзалын реконструкциялау мен "Тастақ" базарын қайта жасаудың барысын тексерді.

"Сайран" автовокзалының меншік иесі қала басшысына нысан айналасын одан әрі дамытудың алдын - ала жасалған концепциясын көрсетті. Автовокзалдың көлік логистикасын түгел жаңарту және вокзал жанын фонтан, кафе, жасыл желектер және балалар аалңы арқылы абаттандыру жоспарланған.

Мегаполис басшысы автовокзал маңы көпішілікті өзіне тартатын шағын аудан болуы тиіс екендігін атап өтті. 

"Сайранды" тез арада қайта жасап, оның айналасын абаттандыру қажет. Автовокзал жолаушылары ғана емес, сонымен қатар жақын маңдағы үйлердің тұрғындары біздің бұл жерді қашан ретке келтіретінімізді асыға күтуде», - деді Бауыржан Байбек.

Жұмыс сапары кезінде қала әкімі Төле би көшесі бойымен жүріп өтіп, "Тастақ" универсалды базарын қайта жаңарту барысын қарап шықты.

Сауданы заманауи форматқа көшіру мақсатында базар иелері 450 миллион теңге инвестиция бөлген. Екі қабатты, жалпы алаңы 4,2 мың ашршы метр болатын нысан салынды, шілде айында оған кәсіпкерлердің басым көпшілігі көшіріледі. Осыдан кейін базардың екінші кезегі реконструкцияланады.

Дәл осы күні Бауыржан Байбек Абай даңғылы бойында салынып жатқан "Алматыбасжоспар" нысанының құрылысымен және Республика алаңын реконструкциялаумен танысты.

Әкімдік өкілдерінің мәліметінше, Алматыда биыл жазда бұрын қайта жасалған Панфилов, Жібек Жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Байсейітова, Төлебаев көшелері мен "Астана" алаңынан өзге қаланың бірқатар негізгі даңғылдары жаңарады. Мегаполистің барлық аудандарында 150-ден астам көшені жөндеу мен 600 ауланы қайта жасау жоспарланған.

Алматыдағы "Сайран" мен "Саяхат" автовокзалдарының болашағы не болмақ?

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети