Алматыда "Сайран" автовокзалын қайта жөндеу үшін жер учаскесі алынып жатыр

22 Тамыз 2018, 09:25
0
Алматыда "Сайран" автовокзалын қайта жөндеу үшін жер учаскесі алынып жатыр - © postexpress.kz
© postexpress.kz

Алматы әкімдігінің өкілдері "Сайран" автовокзалын қайта жөндеу үшін жер учаскесін өз меншігіне алып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Вечерний Алматы" басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, мемлекетке жер учаскесі қажет болғандықтан "Алматы-Трейд" Сауда-Инвестициялық компания" ЖШС өкілдерінен Әуезов ауданы, Төле би көшесі, №294а мекенжайы бойынша орналасқан аумағы 0,0908 гектар жерді мәжбүрлі түрде алу туралы шешім қабылданды.

Әкімдіктегілердің сөзіне қарағанда, меншікке алынатын жер "Сайран" автовокзалын жөндеу үшін қолданылады.

Жер учаскесінің 2019 жылдың 31 желтоқсанында меншікке алынатыны айтылады. Сондай-ақ, қалалық билік өкілдері жер иесіне заңнама сәйкес, өтемақы өндіруді тапсырды. 

Алматыдағы "Сайран" мен "Саяхат" автовокзалдарының болашағы не болмақ?

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай