Алматыда селдің алдын алу мақсатында Есентай өзенінің арналары бекітіліп жатыр

15 Қаңтар, 16:04
0
Алматыда селдің алдын алу мақсатында Есентай өзенінің арналары бекітіліп жатыр - Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен
Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Алматыда төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында Есентай өзенінің арналары бекітіліп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде әл-Фараби даңғылының оңтүстігіне қарай орналасқан Есентай өзенінің арналарын бекіту жұмыстарының қарқынын тексерді. Өйткені, жазда өзен жағалауындағы тротуарларды, спорт алаңдарын абаттандыру және жарық желілерін жүргізу басталады. 4000 ағаш отырғызу жоспарланған.

"Қазіргі кезде ұзындығы 1,8 шақырым болатын аумаққа тірек қабырғаларын орнату, өзен түбіне темірбетон төсеу және техникалық жолдарды абаттандыру жұмыстарының 65 пайызы орындалды. Атқарылған шаралар учаскеде су ауқымын күнделікті өткізу қуатын 10 есе арттырады. Жобаны іске асыру барысында "Тokyo Rope Almaty" зауытында шығарылатын отандық өнімдер қолданылып жатыр. Өндіруші әлемдік жоғары сапалы стандартқа сай ауыр габиондарға 50 жылдан астам кепілдік береді", - делінген хабарламада. 

Мегаполис басшысы селдің алдын алу жұмыстарына ерекше назар аударылатынын атап өтті. Соңғы үш жыл ішінде сел қаупі бар учаскелер 67-ден 12-ге қысқарды, тоғыз өзеннің арналары реконструкцияланды және 300 шақырым арық желілері қайта жасалды. Жалпы, Бауыржан Байбек қаланы одан әрі дамытудағы басты қағида қауіпсіздік пен таза экология болуы керектігін құптайды. 

Сонымен қатар, Алматыда "Ақсай" және "Аюсай" жаңа су бөгеттерін салу жоспарланған, "Мыңжылқы" су бөгетін реконструкциялау аяқталып қалды. Ерменсай, Кереңқұлақ, Үлкен және Кіші Қарасу сияқты төрт өзеннің арналары бекітіліп, абаттандырылуда.

Қарғалы өзенінің бойындағы ұзындығы 7,7 шақырым болатын аумақ бекітіліп, абаттандырылуда. ГЭС1-БАО мен Медеу-Шымбұлақ беткейлеріндегі қауіпті учаскелерге қорғаныс қондырғылары орнатылып, бекітілген.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай