1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматыда селдің екінші толқыны болмайды - ТЖД23 шілде 2015, 07:02

©Мейіржан Жылқыбай ©Мейіржан Жылқыбай

Алматыда селдің екінші толқыны болмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД басшысының орынбасары Ерлан Нұрпейісовке сілтеме жасап.

ТЖД мәліметінше, Наурызбай ауданындағы Қарғалы өзен суының деңгейінің көтерілгендігі жайлы хабар түнгі сағат 03.00-де түсті. Екі ауылды су басты - Қарғайлы және Каменка. Суды шлюз арқылы арнаға түсіру жұмыстары жүріп жатыр. Су бөгеті жарылған жоқ. Қазіргі уақытта су екі шлюз арқылы ағып жатыр. Жақын маңдағы елді мекеннің тұрғындары эвакуациялау жұмыстары жүру үстінде. Су бөгеті жарылған жоқ. Оқиға орнында құтқарушылар, полиция, ТЖД қызметкерлері және әкімпдіктің өкілдері жұмыс істеп жатыр - шамамен 440 адам. Зардап шеккендер жайлы мәлімет жоқ.

ТЖД өкілдерінің айтуынша, қалаға қауіп жоқ. Наурызбай аудандық әкімдігінде жедел штаб құрылды. 

Өз кезегінде Алматы әкімінің кеңесшісі Сергей Куянов 05.00-де мамандардың аймақты тексеруге ұшып кеткенін хабарлады. Оның айтуынша, полиция селдің екінші толқынының жүретіні жайлы және су бөгетінің жарылғандығы жайлы әлеуметтік желіде жалған хабар таратқандарды іздестіруді бастап кеткен.