11 қазан 2018 10:03

Алматыда Шерхан Мұртазамен қоштасу рәсімі өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© alashainasy.kz © alashainasy.kz

Алматыда қазақстандық жазушы Шерхан Мұртазамен қоштасу рәсімі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда қазақстандық жазушы Шерхан Мұртазамен қоштасу рәсімі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қоштасу рәсімі Мұхтар Әуезов атындағы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында өтіп жатыр.

Жазушымен қоштасуға туыстары, жақындары және әріптестері келді.

Сондай-ақ, жазушының жақындарына көңіл айтуға мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Алматы әкімі Бауыржан Байбек, Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов, энергетика министрі Қанат Бозымбаев, актер Асанәлі Әшімов келді.

"Ұлт руханияты, баспасөзі қара жамылып, ауыр жағдайға душар болды. Мұндай азалы сөз халқына өлшеусіз еңбек сіңірген, елінің маңдайы мен таңдайына айналған тұлғалар өмірден озғанда айтылса керек-ті. Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, мемлекет және қоғам қайраткері, аса көрнекті қаламгер Шерхан Мұртаза да сондай санаулы саңлақтың, тау тұлғаларымыздың бірі де бірегейі еді. (...) Ел парламентінің бірнеше шақырылымына депутат болған Шераға еліміздің саяси, қоғамдық өміріне белсене араласып, ұлт, мемлекет мүддесі жолындағы өзінің азаматтық бар болмысымен елге қызмет етуді ғана ойлады. Ұлт баспасөзінің бірнеше буынына ұстаз болған оның шекпенінен шыққан шәкірттерінің өзі де бүгінде бір-бір биікке шықты, тұлға болып қалыптасты. ​Ел аузында Шераға деген атпен қалған, қала да беретін, ғұмырында кісілігіне кір жұқтырмаған, алдаспандай жарқылдап өткен ол ақиқаттың, ақпараттың арланына, баспасөздің баһадүріне айналды. ​Тұтас бір дәуірдің көзі мен сөзіндей, артына өшпестей жарқын із қалдырған, заманынан озып туған тұлғаның жатқан жері қашанда жарық, нұрлы болсын. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын", - деді Бауыржан Байбек.

Қазақтың Шерағасы өмірден өтті. Қаламгер шығармалары - өшпес мұра

Қазақстандық жазушының қайтыс болғаны жайлы 9 қазанда хабарланған болатын. Ол 86 жаста болған еді.

Шерхан Мұртаза 1932 жылы 28 қыркүйекте Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. 1955 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.

Жазушының әр жылдары "Табылған теңіз" (1963), "Белгісіз солдаттың баласы" (1969), "Ахметжанның анты" (1973), "Мылтықсыз майдан" (1977) повестері, "41-жылғы келіншек" (1972), "Интернат наны" (1974) әңгімелері, "Қара маржан" (1977), бес кітаптан тұратын "Қызыл жебе", "Ай мен Айша" (1999) романдары, шығармаларының төрт томдығы (1990-2000), шығармаларының 6 томдығы, таңдамалы шығармаларының 7 томдығы, "Елім, саған айтам, Елбасы, сен де тыңда" (К. Смайыловпен бірге) (1998), "Бір кем дүние" (2008) кітаптары жарық көрген. 

Оның шығармалары КСРО халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети