28 ақпан 2019 16:24

Алматыда Шығыс айналма жолында табылған баланың әкесіне қатысты іс сотқа түспеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда баласын таспен ұрған Мұрат Асқароғлыға қатысты қозғалған іс сотқа әлі түспеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда баласын таспен ұрған Мұрат Асқароғлыға қатысты қозғалған іс сотқа әлі түспеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, 2018 жылдың 28 желтоқсанында сот қылмыстық істі Медеу аудандық прокуратурасына қайтару туралы шешім қабылдады. Айта кетейік, осыған дейін Мұрат Асқароғлыға қатысты іс Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған еді.

"ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 296-бабына сәйкес ("Күдікті мен оның қорғаушысын істің барлық материалдарымен таныстыру") , тергеу органының өкілі күдіктіні істің барлық материалымен таныстырмаған. Күдікті адвокаттың қатысуынсыз ол материалдармен танысудан бас тартты. Осы заңбұзушылық үшін Қылмыстық-процестік кодекстің 297-бабына ("Қылмыстық істің материалдарымен танысу аяқталған соң мәлімделген өтінішхаттарды қарау және шешу тәртібі" сәйкес, күдікті мен оның қорғаушысы қылмыстық іс материалдармен танысқан соң оған өтініш түсіру құқығынан айырылды", - деп хабарлады соттағылар.

Сондай-ақ, адвокаттың қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қаладан шықпау туралы қолхатқа ауыстыруды өтінгені айтылады. Адвокаттың айтуынша, оның кінәлі екенін дәлелдейтін дәйектер аз және олар күмән келтіреді. Алайда Мұрат Асқароғлыға қатысты қолданылған шара өзгеріссіз қалды.

Алматыда баласын таспен ұрған ер адам сотта жылап жіберді

Еске салайық, 2018 жылдың шілдесінде Алматыдағы Шығыс айналма автожолында ессіз күйде табылған 4 жасар Мұхамад Асқароғлыны өз әкесі таспен ұрғаны анықталған еді. Баланың әкесі Мұрат Асқароғлы бұл қылмысты өзі жасағанын мойындап, мас күйде болғанын айтқан болатын.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети