12 маусым 2018 09:25

Алматыда соңғы сегіз күнде менингококк инфекциясы тіркелмеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© time.kz © time.kz

Алматыда соңғы сегіз күнде менингококк инфекциясы тіркелмеді. Бұл туралы Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда соңғы сегіз күнде менингококк инфекциясы тіркелмеді. Бұл туралы Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Балалар және ересектердің жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөлімдерінде науқастар жоқ. Бүгінде сегіз науқас менингококк инфекциясымен стационарларда жатыр. Сауығып жатыр", - делінген хабарламада.

"3 148 адам тексерілді, оларға қатысты алдын ала шаралар жүргізілді. Осыған дейінгі күндерге қарағанда медициналық көмекке жүгініп жатқан халықтың саны азайғанын байқадық", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, биыл жыл басынан бері менингококк инфекциясы бойынша 60 жағдай тіркелген. Олардың 13-і өліммен аяқталды. Алматы мен Алматы облысында 10 адам, Оңтүстік Қазақстан облысында 2 адам, ал Қызылордада бір адам көз жұмды.

Еске сала кетейік, осыған дейін министрлік өкілдері жағдайдың бақылауында тұрғанын айтқан еді.

Менингококк инфекциясы - бактериялар тудыратын, симптомсыз тасымалдаушылық, назофарингиттан (мұрын және жұтқыншақтың сілемейлі қабығының қабынуы) бастап менингит (ми қабығының қабынуы), менингококк сепсисіне (қанның зақымдануы) дейін әртүрлі клиникалық белгілермен өтетін - жіті инфекциялық ауру екендігін есте сақтау қажет. Инфекция көзі ауру адамдар және "дені сау тасымалдаушылар" болып табылады, яғни қандай да бір клиникалық белілері жоқ, бірақ олар менингококк көзі болып табылатын адамдар. Менингококк инфекциясымен сырқаттанушылық кезеңділігімен сипатталады - қыста және ерте көктемде сырқаттанушылық өте жоғары.

Инфекцияның берілу жолы - ауа-тамшы арқылы (жөтелген, түшкірген, сөйлескен кезде). Инфекция қоздырғышы сыртқы ортада өте тұрақсыз. Микроб дені сау адамның организміне науқас немесе тасмалдаушы адаммен ұзақ және тығыз қарым-қатынаста болғанда жоғарғы тыныс алу жолдарының сілемейлі қабығы арқылы енеді. Жұқтырған кезден бастап аурудың басталуына дейін бір күннен он күнге дейін өтеді. Науқас аурудың алғашқы күнінен бастап айналадағы адамдар үшін жұқтыратын адам болып саналады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети