Алматыда сыра жәшіктері жолда шашылды

13 Наурыз 2017, 19:36
0
Алматыда сыра жәшіктері жолда шашылды - © patrul.kz
© patrul.kz

Алматыда Бөкейханов көшесінің бойында КамАЗ-дың дереу тоқтауынан сыра салынған жәшіктер шашылып қалды, - деп хабарлайды patrul.kz.


patrul.kz видеосы

Жүк тиеп алған КамАЗ тіркемесімен Бөкейханов көшесімен солтүстік бағытта кетіп бара жатқан. Райымбек даңғылына жетіп қалғанда алдында келе жатқан трактор кенеттен тоқтап қалған. Жүк көлігінің жүргізушісі тежегішті дереу басуға мәжбүр болған. Дереу тоқтағандықтан тиелген сыра жәшіктер әр жаққа шашылған. 

Бірнеше тонналық көлік жүргізушісінің айтуынша, алдында келе жатқан трактордың алдынан жаяу жүргіншіге арналған жолдан адам жүгіріп өткен. Тракторшы тоқтап, адамды өткізіп, ары қарай кетіп қалған. Ал КамАЗ жүргізушісі шашылған заттарын күзетумен сол жерде қалған. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай