10 желтоқсан 2018 17:17

Алматыда тағы екі мамандандырылған ХҚКО ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Алматыда "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қала әкімдігінің қолдауымен тағы екі мамандандырылған ХҚКО ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі корпорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қала әкімдігінің қолдауымен тағы екі мамандандырылған ХҚКО ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі корпорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа ХҚКО-лар Наурызбай ауданының Шұғыла шағын ауданы 347/2 және Жетісу ауданының Құлагер шағын ауданы, Серіков к-сі, 6а мекенжайларында орналасқан.

Мамандандырылған жаңа ХҚО-ны ашу көлік құралдарын тіркеуге, қайта тіркеуге және көлік жүргізушісі куәлігін ауыстыруға ниетті азаматтар санының өсу қажеттілігінен туындағаны айтылады.

"Азаматтарға арналған үкімет"мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Ғалым Қарқынбаевтың айтуынша, алғашқы мамандандырылған ХҚО ашылғалы бері 5 жылдың ішінде автокөлік иелеріне көрсетілетін қызмет көлемі бес есе артқан. 

"Қала шекарасының кеңеюіне байланысты Алматы қаласы халқының саны бір жарым есе өсті. Сондай-ақ мемлекеттік тіркеу нөмірін беру бойынша экстерриториалды қағидасы енгізілгеннен кейін көлік саны арта түскен. Тіркелетін транспорттың 50 пайызы өзге қалалардан келген қызмет алушылар рәсімдейді. Олардың 80 пайызы - Алматы, 20 пайызы - Түркістан және Жамбыл облыстарының тұрғындары. Бұл Саялы шағын ауданы мен Майлин к-сі, 85 мекенжайында орналасқан мамандандырылған ХҚО-лар жүктемесін көбейтті", - дейді Ғалым Қарқынбаев.

Сондай-ақ Қарқынбаев, көлік жүргізушісі куәлігін алу барысында тапсырылатын емтихан бұрынғыдай Алатау ауданында орналасқан №1мамандандырылған ХҚКО-ларда  жүргізілетінін жеткізді.

Жаңадан ашылған мамандандырылған ХҚКО-ларда көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын мониторингтен өткізу мақсатында ахуал орталығына қосылған бейнебақылау камералары орнатылған.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және мемлекеттік қызметтерді көрсету үрдісін жетілдіру мақсатында "Электрондық үкімет" порталында көліктерді тіркеу және көлік жүргізушісі куәлігін алмастыру қызметтері бойынша сервистер жұмыс істейді. Тиісті құжаттар бір сағат ішінде рәсімделеді.

Бүгінге дейін электрондық үкімет порталы арқылы үш мыңнан астам көлік тіркеуге қойылды (Алматыда -550), сондай-ақ, 13 мыңға жуық азамат (Алматыда - 1765) көлік жүргізушісі куәлігін жаңасына алмастырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети