10 қараша 2015 14:28

Алматыда Талғат Бигелдиновке ескерткіш тақта қойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Шоқан Алқабаев © Шоқан Алқабаев

Алматыда Кеңес Үкіметінің екі мәрте батыры Талғат Бигелдиновке ескерткіш тақта қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тақта Қонаев көшесіндегі үйге қойылды, авиацияның генерал-майоры ол үйде өмірінің соңғы жылдарын өткізген.


Алматыда Кеңес Үкіметінің екі мәрте батыры Талғат Бигелдиновке ескерткіш тақта қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тақта Қонаев көшесіндегі үйге қойылды, авиацияның генерал-майоры ол үйде өмірінің соңғы жылдарын өткізген.

Ескерткішті ашу салтанатты шарасына билік өкілдері, еліміздің түкпір-түкпірінен келген жұртшылық пен Талғат Бигелдиновтің балалары мен немерелері қатысты. Қала әкімі Бауыржан Байбек ұшқыш-шабуылдаушы тұлғаның батырлығы мен өмір жолындағы маңызды кезеңдерін атап өтті. "Талғат Жақыпбекұлы еліміз үшін қиын-қыстау заманда өзінің әскери шеберлігі мен Отанға деген махаббатының арқасында патриотизм мен батылдықтың эталонына айналды. Ерлігімен өз елінің даңқын шығарды. 305 рет жауынгерлік тапсырмамен ұшып, олардың әр қайсысында өліммен бетпе-бет кездесті", - деді әкім. 


© Шоқан Алқабаев

Генерал-майордың қызы Галина Бигелдинованың айтуынша, ол 100 жасқа дейін өмір сүргісі келді. "Ол соғысты еске түсіргенді ұнатпайтын, тек өзі жайлы айтатын. Ол: "халық пен жастар көрген сұмдықты үнемі еске ала алмаймын" дейтін. Ол маған тағы 10 жыл өмір сүруге уәде берді. Оның туған әжесі 105 жасқа дейін өмір сүрген, ал үнемі жөтеліп жүретін атасы 97 жас жасаған. Сондықтан оның жақындарының арасында ұзақ өмір сүргендер көп болды. Оның денсаулығы жақсы, ақыл-ойы қалпында еді, сондықтан оның өмірден өткені біз үшін күтпеген жағдай болды. Шыны керек, 90 жасқа таяғанда көзі нашарлай бастады, бірақ ол денсаулығындағы аз ғана кінәрат болатын", - деді Бигелдиновтің үлкен қызы.


© Шоқан Алқабаев

"Ол 21 жасында бірінші рет Кеңес Одағының Батыры атанды. Өздеріңіз ойлап көріңіздерші, сондай жасына қарамастан ол 200 рет жауынгерлік тапсырмамен ұшып үлгерген. Талғат Жақыпбекұлының 13-номерлі ұшағы әуеге көтерілгенде неміс басқыншыларында қорқыныш пен үрей пайда болған", - деді Қазақстан Генералдар кеңесінің төрағасы Рүстем Қайдаров.


© Шоқан Алқабаев

Талғат Бигелдинов 1922 жылы 5 тамызда Ақмола облысы Майбалық ауылында дүниеге келген. Оның әскери биографиясы 1942 жылы желтоқсаннан бастау алды, ол 19 жасында Калинин майданына тап болған. Бұл кездің өзінде ол ондаған рет ұшып үлгерді. Ол ұшуды Фрунзен аэроклубында, Саратов арнайы әскери-авиациялық және Чкалов бомбалау және жою мектептерінде үйренген. Кейін Ижауда ИЛ-2 ұшағына техникалық пилот болуды қолға алды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети