21 мамыр 2016 15:54

Алматыда тапаншалар мен гранаталардың табылуы митингте арандатушылықтың барын растады - ҚР ІІМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Николай Колесников © Николай Колесников

ІІМ өкілдері митинг өткізілген жағдайда арандатушылықтар болуы және жанжал туындауы мүмкін екені болжанғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ІІМ өкілдері митинг өткізілген жағдайда арандатушылықтар болуы және жанжал туындауы мүмкін екені болжанғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз митинг өткен жағдайда полиция қызметкерлеріне қарсы арандатушылық немесе жанжал туындауы мүмкін деп болжадық. Сонымен қатар, кеше Алматыдағы пәтерлерден тәркіленген заттар біздің осы жағдайға көзіміздің жетуіне себеп болды. Бұл да митингке дайындалу болуы мүмкін. Сондықтан да біз жеке құрамды толықтай жұмысқа шығарып, қоғамдық қауіпсіздіктің бұзылмауы үшін заң шеңберінде жұмыс істедік. Сіздер білесіздер, полицияның негізгі мақсаты митинг туралы заңды сақтау", - деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха ОКҚ брифингі барысында.

Сонымен қатар, ол бүгін Алматыда болған жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Алматыда рұқсат етілмеген шеру өткен жоқ. Жиналуға тырысты, дегенмен оның да алдын алдық. Адамдар көп болған жоқ. Шамамен 20-30. Дегенмен олардың көбі митингті көруге, не айтылатынын тыңдауға келгендер екен. Жауап алынғаннан кейін олар босатылды", - деп қосты Лепеха.

ҚР ІІМ ӘПК төрағасы 20 мамыр күні адамдардың ұсталуы митингке қатысты екенін айтты. "Осы митингті ұйымдастырғандар ұсталды. (...) Шеруге рұқсат етілмегеніне қарамастан, олар митингті ұйымдастыруды жалғастырды", - деді Лепеха.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети