Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына тау бөктеріне шығуға тыйым салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қар көшкінің бақылау және болжау бөлімінің өкілдеріне сілтеме жасап.
Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына тау бөктеріне шығуға тыйым салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қар көшкінің бақылау және болжау бөлімінің өкілдеріне сілтеме жасап.
"Қар жамылғысының биік болуына, жауын-шашын түсуіне және боранның әсерінен қардың ұшқындауына байланысты Алматы облысының жоғары таулы аудандарында 22-23 наурыз аралығында қар көшкіні жүру қаупі сақталады", - делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.
Осылайша, қар көшкіні жүруін ұрындырмау үшін тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынды. Мамандар тауда абай болуды сұрап отыр.